Семейде психотроптық заттың ірі партиясы анықталды

Бүгін, 07:23 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Абай облысының полиция департаменті

Семей қаласында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 29 жастағы жергілікті тұрғын психотроптық заттарды заңсыз сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тінту кезінде одан оқшаулағыш таспамен оралған ақ түсті ұнтақ салынған 25 полимерлік пакет табылып, тәркіленді.

Сот сараптамасы бұл заттың психотроптық екендігін растады. Ол – 2-(пирролидин-1-ил)-1-фенилпентан-1-он (a-PVP, α-пирролидиновалерофенон). Заттың жалпы салмағы 15 граммды құраған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.