«Рейстердің кестесі өзгереді»: Air Astana маңызды хабарландыру жариялады

Бүгін, 17:05 / Інжу Әлихан
Air Astana баспасөз қызметі

Астана әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 4 қыркүйекке дейін және 7 қыркүйектен 31 қазанға дейін Air Astana рейстерінің кестесі уақытша өзгереді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Өзгерістер Астанаға/Астанадан Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Дубай, Сеул, Стамбұл, Анталья, Бейжің, Пхукет, Нячанг рейстеріне қатысты болады. Рейстері өзгерген жолаушылар алдын ала хабардар етілді. Түйісу рейстерінен айырылған жолаушыларға ұшудың балама нұсқалары ұсынылды», - делінген хабарламада.

Air Astana рейстің өзектілігін тәулік бойы жұмыс істейтін Брондау және ақпарат орталығында анықтауға болатынын еске салады.

Тэгтер:

Қыркүйек Рейс Air Astana хабарландыру