Президент Астанадағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратына барды

Бүгін, 14:07 / Інжу Әлихан
Akorda

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел орталық, қызметкерлердің жұмыс кабинеттері және заманауи талаптарға сай жабдықталған қызметтік бөлмелер таныстырылды.

Президент елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базамен жарақтандырылған жаңа ғимараттың құрылыс жұмыстарына оң баға берді.

Тэгтер:

ҰҚК ғимарат департамент