Шымкентте прокуратура уәкілетті органдармен бірлесіп алимент өндіру бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында жеке сот орындаушылары борышкерлердің атына тіркелген көліктерді анықтады.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша, 36 автокөлікті тәркілеу және эвакуациялау жөнінде қаулылар шығарылды.
«Сергек-Защита» жүйесі мен жедел басқару орталығының көмегімен 7 автокөлік айып тұрағына жеткізілді.
Тек бір күннің ішінде алимент қарызы 4,7 млн теңге өндірілді.
Прокуратура төлемнен жалтару қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және бала құқығы мемлекет қорғауында екенін еске салады.