Әнші Тамара Асар жолдасының бірінші некесінен туған ұлын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі 5 жыл бұрын бір баласы бар ер адамға тұрмысқа шыққан болатын.
«Шын жүректен Әлішер баламызды туған күнімен құттықтаймыз! Ажартайдың ақасы! Денің сау, бауырың бүтін, айналаң аман болсын! Адалдықпен адамгершілік алға жетелей берсін! Арамызда пайда болған жылылық пен сыйластыққа сызат түспесін! Мені көрген күннен «мама» деп атаған сеніміңе рахмет, балам. Өміріміз дәл осы суреттегідей сұлу болсын!», – деп жазды әнші.