Түркістанда бір жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кеткен

Бүгін, 10:33 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Түркістан қаласы Талас көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінде 1 жасар бала ауладағы әжетханаға құлап кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖД мәліметінше, оқиға болған сәтте бүлдіршіннің ата-анасы үйде болған.

 Ал балдырғанның дәретхана шұңқырына қалай түсіп кеткені белгісіз. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде келіп, баланы аман алып шықты.

 «Құтқарушылар арнайы жабдықтар мен құралдардың көмегімен бір жасар баланы дала дәлізінен алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Түркістан облыстық ТЖД хабарламасында.

Тэгтер:

Бала Түркістан әжетхана