Әнші Әйгерім Қалаубаева әлеуметтік желіде тарап кеткен қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Соңғы күндері жұртшылық Қалаубаеваны әріптесі, актер әрі әнші Нұрлан Әлімжановпен жиі байланыстырып жүрген болатын. Желі қолданушылары «екеуінің арасында бірнәрсе бар» деген түрлі жорамалдар жазды.
Осыған орай әнші қауесетке нүкте қою мақсатында Нұрлан Әлімжановпен бірге бейнежазба жариялап, тыңдармандарына үн қатты.
«Өмір емес, өнер жолында танысқан. Жұптармыз тек тойларда табысқан», - деп жазды Қалаубаева.