Көшеде өткен сауалнама кезінде кішкентай орыс қызының жауабы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оған «Сенің арманың қандай?» деген сұрақ қойылғанда, қыз бала: «Қазақ тілін 100% үйрену» деп жауап берген.
Белгілі болғандай, ол қазірдің өзінде қазақ тілін жақсы меңгеріп жүр. Тіпті бейнежазбада қазақша ән де шырқаған.
Желі қолданушылары оның зеректігі мен ықыласына риза болып, жылы пікір қалдырды:
«Тіл-көзден аман болсын! Үлкен азаматша болады», «Ата-анасы дұрыс тәрбие берген», «Тәтті сары қыз аман болсын», – деп жазды олар.