АҚШ-та Трамп пен Зеленский кездесті

Бүгін, 23:11 / Өтей Торғайұлы

Вашингтонда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кездесу Ақ үйдегі ресми қабылдаудан басталды: Трамп Зеленскийді кіреберісте қарсы алып, олар бірге суретке түсіп, журналистерге қысқаша пікір білдірді. «Біз оларды жақсы көреміз», – деді Трамп украин халқына арнаған сөзінде.

Кейін екі мемлекет басшысы келіссөздерге кірісті. Трамп әңгіме барысында Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешуде ілгерілеу бар екенін атап өтті. Ол осыған дейін Ресей президенті Владимир Путинмен Аляскадағы кездесуін еске алып, қазіргі сәтті «жағдайды реттеуге арналған тамаша мүмкіндік» деп бағалады.

Зеленский өз кезегінде Украинада бейбітшілікті орнатуға бағытталған күш-жігері үшін Трампқа алғыс айтты.

Кездесуге АҚШ тарапынан мемлекеттік хатшы Марко Рубио, вице-президент Джей Ди Вэнс және президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысты. Украина тарапынан президент әкімшілігінің басшысы Андрей Ермак пен Қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров болды.

Ақ үйдің хабарлауынша, алдымен Трамп пен Зеленский шамамен бір сағат жеке келіссөздер өткізеді, содан кейін АҚШ президенті еуропалық лидерлерді қабылдайды.

Тэгтер:

Трамп Зеленский