Қытайда сел салдарынан 10 адам қаза тапты

18 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қытай Халық Республикасының солтүстігінде, Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы кемпинг аумағында сел жүрген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 2 адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап мәлімдеді.

Олардың дерегінше, оқиға 16 тамызда Баян-Нур қаласының маңында болған. Сел жүргеннен кейін 13 туристпен байланыс үзілген, олардың біреуі құтқарылды.

Іздеу-құтқару жұмыстарына төтенше жағдай қызметтерінің 700-ден астам маманы жұмылдырылған.

Тэгтер:

Қытай сел