Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін өмірге әкелді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аяғы ауыр болғанына қарамастан жақында ғана жаңа баспана алып, үй жөндеу жұмыстарымен белсенді шұғылданып жүрген актриса тағы да ана атанды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.
Ол сәбиін кеудесіне басқан сәті таспаланған видеоны әлеуметтік желіге жүктеп, "Жаңа тынысым" деген сипатта қалдырған. Мұны көрген желі қолданушылары құттықтауларын жаудырды.
"Ғұмырлы болсын", "Бауы берік болғай","Құтты болсын! Осылардыкі тез, иә?!", "Бақытыңыз еселеніп жатқан шығар", "Жаның аман-есен қалды. Шүкір!" деп жазды көпшілік.