Пойыз билеттеріне 40 пайызға дейінгі күзгі жеңілдіктер жарияланды

Бүгін, 16:36 / Інжу Әлихан
ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне күзгі жеңілдіктер маусымының басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеңілдіктер 2025 жылдың 22 қыркүйегінен 23 қазанына дейін қолданылады. Осы кезеңде жолаушылар 7 бағыт бойынша билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:

№ 9/10 «Астана – Алматы»

№ 65/66 «Астана – Жезқазған»

 № 67/68 «Астана – Өскемен»

№ 77/78 «Алматы – Маңғыстау»

№ 351/352 «Алматы – Өскемен»

№ 691/692 «Атырау – Ақтөбе»

Күн сайын қатынайтын пойыз:

  № 11/12 «Алматы – Шымкент»

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе вокзалдағы билет кассаларынан сатып алуға болады. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілерден 45 күннен 10 күнге дейін сатып ала алады. Бұл жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, тиімді бағада билет алуға мүмкіндік береді.

Тэгтер:

жеңілдік күз билет Пойыз теміржол 40 пайыз