Қазақстан слаломды есуден Азия чемпионатында 2 медаль жеңіп алды

Бүгін, 16:15 / Інжу Әлихан
Olympic.kz

Қазақстан құрамасы слаломды есуден Қытайдың Сяси қаласындағы Азия чемпионатында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жолы спортшыларымыз «байдарка-кросс» сынында көзге түсті.

Александр Коробов екінші орын иеленді. Екатерина Таранцева қола жүлдегер атанды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таранцева «байдарка жалғыз» жарысында күміс медаль алған болатын. Ал Александр Куликов пен Анастасия Ананьева «каное жалғыз» сайысында қола жүлде еншілеген еді.

Тэгтер:

Қытай Екатерина Таранцева Азия чемпионаты Слалом есу Александр Коробов