Қонаевта қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттайды

Бүгін, 15:21 / Інжу Әлихан
Әкімдік

20 тамыздан бастап Қонаев қаласында автобустардағы жолақы өзгереді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қала әкімдігінің ақпаратынша, енді қала ішінде бір рет жол жүру құны электронды билет жүйесі немесе мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде – 120 теңге, ал қолма-қол төлегенде 200 теңге болады.

"Тарифтің өсуі тасымалдаушылар шығындарының артуына, автобус паркін жаңартудың қажеттілігіне және қоғамдық көлік қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге байланысты.

Жолақы неге қымбаттады:

 Қала маңына қатынайтын бағыттардағы жаңа тарифтер:

•Қонаев – Заречный, Қонаев – Арна: электронды жүйе арқылы – 150 теңге, қолма-қол – 300 теңге.

•Қонаев – Шеңгелді, Қонаев – Қоскұдық: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 400 теңге.

•Қонаев – Сарыбұлақ, Қонаев – Кербұлақ: электронды жүйе арқылы – 200 теңге, қолма-қол – 500 теңге.

 

Тэгтер:

баға Қоғамдық көлік жолақы Қонаев тамыз