Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Тоди қаласында өткен «Челленджер» сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Финалда Тимофей италиялық Стефано Травальяны ұтты.
Шешуші кездесу 7:6 (7:4), 0:6, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл жеңіс үшін қазақстандық спортшы 75 рейтингтік ұпай жинап, ATP рейтингінде 193-орынға көтеріледі.
Бұған дейін Скатов 2022 жылы Пармада, ал 2024 жылы Аугсбургте өткен «Челленджер» турнирлерінде топ жарған.