Бас прокурор Берік Асылов «ақша ізіне түсу» қағидаты бойынша есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесі әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Арнайы прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 миллиардтан астам теңге болған қылмыстық істерді тергеп-тексеріп жатыр. Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 миллиард теңгені (1,2 миллиард қолма-қол ақша және 1,1 миллиард банк шоттарында) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды.
Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынды.
Астанада бірнеше есірткі дүкендері жұмыс жасауының жолын кесіп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаны тыйым салушаралары қолға алынды. Шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталды.
Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының ірі есірткі дүкені бойынша қызметкерлерінің көмегімен оның шетелдік ағындарын, соның ішінде криптовалютаны жылдам қадағалап, 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакциясын анықтады, 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қамауға алды.
ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар болатын осындай істі тергеп-тексеріп жатыр, – деді ол.
Сондай-ақ есірткі қылмысына қарсы күресте IT-технологиялар қолданылмақ.
«Есірткіге қатысты барлық қылмыстық істер бойынша «дроппер» транзакцияларын бұғаттау алгоритмі жұмыс істейді.
Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынды. Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады», – деді Бас прокурор.