Атырауда төбелес кезінде фельдшерге оқ тиіп, мерт болды

Бүгін, 01:16 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Атырау қаласында 17 тамызға қараған түні қайғылы оқиға болды. Төбелес кезінде фельдшер болып жұмыс істеген 23 жастағы жас жігіт қаза тапты. Бұл туралы Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz Атырау online Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал достарының үйлену тойында басталған. Мерекелік шарадан кейін бірнеше адамның арасында топтық төбелес орын алып, жағдайды түсінуге көмектесу үшін шақырылған фельдшердің қатысуымен жанжал ушыққан. Сол кезде атыс болып, оқ тиіп, жас маман оқиға орнында көз жұмды.

Атырау облыстық полиция департаменті күдіктілердің ұсталып, қамауға алынғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды, – делінген ПД хабарламасында.

Қазір марқұмның жақындарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.