БАҚ-та елімізден Түрікменстанға бруцеллезі бар ет жеткізілді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- Ақмола облысынан Түрікменстанға бруцеллезге шалдыққан ет жеткізілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деген хабар алдық ведомстводан.
Ресми ақпаратта айтылғандай, биылдыққа Қазақстаннан Түрікменстанға ет жеткізілген жоқ.
- Бұқаралық ақпарат құралдарын материал дайындау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың тек ресми деректі пайдалануға шақырамыз,- деп хабарлайды АШМ.