Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 3-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекке қарсы келді.
Қос спортшы осыған дейін өзара тоғыз рет кездесіп, соның бесеуінде Швентек ұтқан еді.
Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина есеп 5:4 болып, сетке доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдалана алмады - 5:7.
Екінші сетте Швентек бірден алға кетіп, жеңісті уысынан шығарған жоқ - 6:3.
Бір сағат 40 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 10 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Швентек 7 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Ига Швентек финалда әлемнің 9-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолини немесе рейтингіде 36-орындағы ресейлік Вероника Кудерметованың қай жеңгенімен чемпиондық атақты сарапқа салады.