«Жұлдызға обал»: Бейтаныс арумен қол ұстасып жүрген Қайрат Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)

17 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртасқа қатысты жаңа бейнежазбасы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас пен әріптесі, ұйымдастырушы Алия Құдайқұлова бірге серуендеген сәттің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Бейнежазба астында түрлі пікірлер жазылды: біреулер әзіл-қалжыңға салып, «той қашан?» деп сұраса, енді біреулер «екеуін жарастырып қойған екен» деп пікір қалдырған.

Әншінің желідегі бейнежазбасына пікір қалдырғандардың арасында қарама-қайшы ойлар айтылды. Бірі Қайрат Нұртастың жеке өміріне қатысты ауыр сын жазса, енді бірі мұны орынсыз деп бағалады.