Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауылында төтенше жағдай орын алды. Екі қабатты сауда үйінен өрт шығып, ғимараттың төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде сауда үйінің шатыры құлап, өрттің өршіп кеткенін анықтады.
ТЖМ ақпаратынша, өртті сөндіру ғимараттың құрылыс ерекшеліктерімен, жоғары өрт жүктемесімен және қатты түтінмен қиындай түскен.
Өртті жоюға ТЖД, ЖАО және орман шаруашылығының 20-ға жуық адам, бірнеше су оқпандары және 6 техника жұмылдырылды.
Төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ.