Атырауда бір күнде 70-тен астам бала жоғалған

17 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Атыраудағы Atyrau Jastar Fest фестивалінде 70-ден астам бала жоғалды, деп хабарлайды Ақ Жайық ақпарат порталы.

16 тамызда кешке Орал жағалауында жастар фестивалі кезінде жетпістен астам бала ата-анасынан көз жазып қалған. Жоғалғандар 5 және 16 жас аралығында.

Балалардың бірі сәкіде ұйықтап қалса, бірі ұялы телефон ойнап отырған. Ал бірі жылап көпшілік арасынан дамылсыз жақындарын іздеген. Тіпті қолдарында телефоны бар 15-16 жастағы жасөспірімдер де адасып, полиция пунктіне жеткізілді.

Әсіресе Теңдік ауылының баласы полицейлердің ерекше назарын аударды: ол үлкен балалармен төбелесіп, киімі жыртылып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсталғандардың арасында пышақ ұстаған жасөспірімдер де болды, енді полиция концертке не үшін қарумен келгендерін анықтап жатыр.

"Бұл жылдағы көрініс. Осындай бұқаралық іс-шараларда балалар үнемі жоғалып жатады. Біз оларды мүмкіндігінше тезірек қайтаруға тырысамыз", - дейді ювеналды полиция инспекторы Ақбота Орнабиденова.