Ақмола облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

Бүгін, 11:28 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақмола обл. ПД

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жеткізілді. Олардың ішінде үш кәмелетке толмаған бала бар.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 16 тамыз күні «Астана – Петропавл» автожолының 284-шақырымында болған. Mercedes-Benz пен Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан Mercedes-Benz автокөлігінің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-Benz көлігіндегі тағы төрт жолаушы мен Toyota Camry жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың үшеуі – кәмелетке толмаған балалар, – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.