Түркістанда құтқарушылар баланы ажалдан аман алып қалды

Бүгін, 01:01 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ТЖД

Түркістан қаласында төтенше жағдай орын алды. Талас көшесінде бір жасар бала абайсызда дала әжетханасына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құрал-жабдықтарды пайдаланып, сәбиді қауіпсіз жерге шығарып алды. Кейін бала жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Құтқару жұмыстарына Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының 1-МӨСБ бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Қуанышбек Руслан Бердалыұлы тікелей қатысты. Ол бүлдіршінді құтқару үшін әжетхананың ішіне түскен. Кейін әріптестерінің көмегімен сыртқа шықты.