LRT станцияларына атауы беріледі

Бүгін, 01:33 / Нұрлан Әлинұр
Фото: City Transportation Systems ЖШС

2025 жылы 19 тамызда сағат 10:00-де Астана қаласы мәслихатының сегізінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы мәслихаттың ресми сайтында жарияланды.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

Астана қаласының жеңіл рельсті көлік станцияларына атау беру туралы.

«Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 62/7-VIII шешіміне толықтыру енгізу туралы.

Астана қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы.

Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.