Зеленский Вашингтонда Трамппен кездеседі

16 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: independent.co.uk

АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен саммиттен кейін Анкориджден қайтып келе жатқанда Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлесті, деп хабарлайды CNN. 

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитттің айтуынша, Трамп алты сағаттық рейстің көп бөлігін телефонмен сөйлесумен өткізген.

Зеленскийдің кеңсесі Трамппен сөйлесу «ұзаққа созылғанын» мәлімдеді. Президенттер алдымен оңаша сөз сөйледі, содан кейін оларға еуропалық көшбасшылар қосылды.