15 тамыз, жұма күні шамамен сағат 14:00-де Ресей шекарасы мен Қытай шекарасы бағытындағы автожолдың 925-шақырымында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Белқопа ауылы маңында Toyota Alphard пен Volvo жүк көлігінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан төрт адам көз жұмып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алған.
«Оқиға орнын тексеру кезінде жолдың асфальтобетон жабындысы бар екені, көріну мүмкіндігі шектелмегені және учаскенің тегіс екені анықталды. Бұл жерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр; тиісті жол белгілері орнатылған және сағатына 40 км жылдамдық шектеуі енгізілген», - деп жазылған «ҚазАвтоЖол» компаниясы таратқан хабарламада.