Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өліміне кінәлілер жазаланды

15 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қарағандыда 46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы апатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Айыпталушылар қатарында шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызмет өкілдері бар.

Сот он айыпталушыны кінәлі деп тауып, шахта директоры Сергей Мустивконы 8 жыл; өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Вадим Ерёминді 7 жыл; бас инженер Николай Грозновты 7 жыл; №6 учаске бастығы Виктор Коптенковты 7 жыл; техникалық қызметтің қазу жөніндегі бас инженерінің орынбасары Владимир Гонноченконы 6 жыл 6 ай; еңбек қауіпсіздігі жөніндегі бас инженердің орынбасары Дмитрий Федоренконы 6 жыл; бас механик Дмитрий Коцарды 6 жыл; шаң-жарылысқа қарсы қорғау жөніндегі көмекші Виталий Пестрякты 6 жыл; конвейерлік көлік учаскесінің бастығы Төлеген Ғабдушевті 5 жыл; желдету және еңбек қауіпсіздігі учаскесінің бастығы Владимир Шишкановты 5 жыл бас бостандығынан айыру жасазын белгіледі.

Айта кетейік, іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылған. Үкім Қарағандыдағы тергеу изоляторының спорт залында жарияланды.

Тэгтер:

шахта Костенко