Қылмыс Семей қаласының қақ ортасында, орталық полиция бөлімшесінен небәрі бірнеше метр қашықтықта болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күндізгі уақытта бірнеше ер адам жолда кетіп бара жатқан азаматқа шабуыл жасап, пышақ сұққан.
Куәгерлер бұл сәтті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Полиция ғимаратының дәл жанында болған оқиға қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.