Футзалда тәжірибелі ойыншылардың қатары сиреп барады – Нұрсұлтан Құрман

15 тамыз, 2025 / Өтей Торғайұлы

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Какамен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

«Қыркүйекте Италиямен өтетін екі матчқа жігіттеріміздің дайындығын жан-жақты талқыладық. Қазір ұлттық құрама буын алмасу кезеңін бастан өткеріп жатыр. Негізгі командаға шақырту алған жастар көбейді. Әлі де көбейеді. Ал тәжірибелі ойыншылардың қатары сиреп барады. Кезінде Димаш Сүйлейменов, Серік Жаманқұлов сынды футзалшылардың жанында жүріп, соңынан ерген жастар Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразовтардың өзі қазір тәжірибесі толысқан ойыншыға айналды. Соған қарамастан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алатынымызға сенемін. Италияға қарсы екі ойын да (18.09, 23.09) оңайға соқпайды. Дегенмен, Кака бастаған жігіттер барын салып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлайды деп үміттінемін», – деп жазды Н. Құрман.

Сондай-ақ ол бас бапкердің біліктілігін атап өткен. 

«Кака - талай маңызды турнирден өткен сақа жаттықтырушы. Қазір жігіттердің дайындығын шыңдап, стратегиялық жоспарды жетілдіріп жатыр. Эдсон құрамаға оралды. Бабына келуі тиісті ойыншылармен жеке дара жұмыстар басталып кетті. Федерация қажетті қолдаудың барлығын көрсетіп жатыр», – деп жазды ол. 

Тэгтер:

Футзал Кака