Бұл жайында әнші әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Бұйырса декреттен кейінгі бірінші концертіме дайындалудамын. Ақтау! Айрақты тауы. Aqmayafest! Арғы күні кездескенше», – деді Ерке Есмахан.
Сондай-ақ ол концерт алдында тойға барып, демалып жүргенін жазған.
«Үлкен ұл бізбен тойға бара жатыр. Кенже ұлдың бізде шаруасы жоқ. Ал ортаншы ұл "неге мен бармаймын?" деп шу шығарып, үйден әрең шықтық», – деді өнер иесі.