Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрін құттықтады

Бүгін, 16:56 / Інжу Әлихан
Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Тэгтер:

Қасым-Жомарт Тоқаев үндістан Премьер-министр