Астанада 8 жастағы қыздың үстіне шкаф құлап кетті (ВИДЕО)

Бүгін, 15:00 / Інжу Әлихан

Астанада бассейннің шешіну бөлмесінде 8 жастағы қыздың үстіне шкаф құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зардап шеккен қыз баланың анасының айтуынша, бала дайындық басталар алдында шешіну бөлмесіне кіріп, шкафты ашпақ болған. Аяқ жағындағы тұтқасын тартқан кезде шкаф құлап, оның үстіне түскен. Қызға бассейнге келген тағы бір адам көмектесіп, шығарып алған. Дәрігерлер зардап шегушінің сүйегі сынғанын, миы шайқалғанын және бір тісінің түскенін анықтады. 

«Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды, кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу барысында жауапты тұлғаларға қатысты процессуалдық баға беріледі. Спорт кешенінің әкімшілігіне оқиғаның туындауына себеп болған жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі агенттікке берген түсініктемесінде. 

Құқық қорғау органдары спорт нысандарының иелеріне балалардың жарақат алуына әкелген салғырттық үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертті. 

Тэгтер:

Астана қыз бассейн 8 жас шкаф