Сербиямен серіктестік

Бүгін, 15:30 / Ербұлан Қайрат
сурет: GOV.KZ

Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Сербияның сыртқы саяси ведомстволары арасында саяси консультациялардың үшінші раунды өтті.

Қазақстан мен Сербия арасындағы үшін­ші раунд саяси консультациялары екі елдің ынтымақтастығы бұрыннан жоспарлы си­пат алғанын және оны стратегиялық дең­гей­ге көтеру ниеті айқын екенін көрсетті. Диа­лог тек дипломатиялық этикет шең­берін­де қалмай, нақты экономикалық және ин­вестициялық бағыттарға ойысты. Бұл – екі­жақты қарым-қатынастың негізгі век­тор­лары айқындалғанын және оларды жүзеге асырудың институционалдық тетіктері қа­лыптасып келе жатқанын білдіреді.
Жиында сөз сөйлеген Сыртқы істер ми­нистрі­нің орынбасары Арман Исетов Қазақ­стан­ның Сербияны Еуропадағы маңызды сая­си және экономикалық серіктес ретінде қа­растыратынын атап өтіп, екіжақты және көп­жақты ынтымақтастықты одан әрі да­мытуға дайындығын білдірді. Ал Сербия де­легациясының басшысы, Сыртқы және еуро­палық істер министрлігінің Мемлекеттік хат­шысы Дамьян Йович Қазақстанды Сер­бияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ре­тінде және жақында Алматыда өткен Үкі­метаралық комиссия отырысының (ҮАК) оң нәтижелерін ерекше атап өтті.
Екі елдің сауда көрсеткіштері кейінгі екі жыл­да тұрақты өсім көрсетіп отыр. 2024 жы­лы тауар айналымы 100 млн АҚШ дол­лары­на жетуі – ынтымақтастықтың әлеуетін дә­лелдейді. Экспорт пен импорт құрылы­мын­дағы өзгерістер де назар аударарлық: Қа­зақстан өз өнімдерінің еуропалық на­рық­қа шығуын кеңейтіп, жоғары қосылған құн­ға ие тауарлар үлесін арттыруға мүм­кін­дік алуда. Ал Сербия үшін Қазақстан – Ор­та­лық Азия аймағында сенімді нарық және кө­ліктік-логистикалық хаб.
Бұдан бөлек, Сыртқы істер министр­лі­гінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғаби­долла Оспанқұлов пен Kazakh Invest бас­қарма төрағасының міндетін атқарушы Ай­бол Арғынғазинов Сербия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен кездесу өткізді.
Инвестициялық бағыттағы келіссөздер, әсі­ресе өнеркәсіп, агробизнес және көлік-ло­гистика салаларына басымдық берілуі екі ел­дің экономикалық өзара толықтырушы рө­лін айқындайды. Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарындағы жеңіл­дік­тер мен географиялық орналасуы сербиялық капи­тал үшін жаңа мүмкіндіктер ашса, қазақ­стандық бизнес үшін Балқан нарығына шығу­дың тиімді жолын қамтамасыз етеді.
Ғабидолла Оспанқұлов Сербияның Қа­зақ­стан үшін Еуропадағы маңызды серіктес екенін атап өтті.
– Біз өнеркәсіптік кооперация, аграрлық сек­тор, логистика және құрылыс сала­ла­рын­да ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеуетті көріп отырмыз. Қазақстан сер­бия­лық серіктестерге арнайы экономикалық ай­мақтарымыздың мүмкіндіктерін және елі­міздің қолайлы географиялық орналасуын пай­далана отырып, инвестициялық жоба­ларды іске асыру үшін бәсекеге қабілетті жағ­дайлар ұсына алады. Сонымен қатар біз қа­зақстандық компаниялардың серб на­рығына сапалы өнімдер мен шешімдер ұсы­нып, өзара экономикалық дамуды күшейте алатынына сенімдіміз, – деді ол.
Саяси тұрғыдан алғанда, Белград пен Аста­наның ұстанымдары бір-біріне жақын: екі ел де көпжақты ұйымдар аясындағы үй­ле­сімді іс-қимыл, халықаралық құқық нор­ма­ларын сақтау және өңірлік қауіпсіздік мә­селелеріне келгенде прагматикалық көз­қарас ұстанады. Бұл ортақ платформа екі ел­дің халықаралық аренадағы ықпалдасты­ғын күшейтуге жағдай жасайды.
Дегенмен ынтымақтастықтың қарқы­нын арттыру үшін кедергілер де жоқ емес. Сау­да құрылымын әртараптандыру, бір­лес­кен жобаларды іске асырудағы бюрокра­тия­лық тосқауылдарды азайту және көлік-ло­гис­тикалық тізбектерді оңтайландыру ше­шуді қажет ететін мәселелер қатарында. Со­нымен бірге, инвестициялық климатты одан әрі жақсарту және бизнес қауымдас­тық­тар арасындағы тікелей байланыстарды күшейту маңызды.
Қорытындылай келе, Астана мен Белг­рад­тың қазіргі келіссөздері екіжақты қаты­нас­тардың жаңа кезеңін бастап беруі ық­ти­мал. Егер тараптар қол жеткізілген уағ­да­лас­тықтарды жүйелі түрде орындап, нақты жо­баларды іске асыруға ден қойса, Қазақстан мен Сербияның саяси және экономикалық серіктестігі аймақтық деңгейден шығып, кеңейтілген стратегиялық әріптестікке ай­налуы әбден мүмкін.
 

Тэгтер:

сыртқы саясат Серия