Қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовқа 95 жыл, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы 15 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде сазгер 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әртісі құрметті атағы берілді.
Сазгер 1992 жылы 29 ақпанда 62 жасқа қараған шағында ұзаққа созылған ауыр сырқаттан көз жұмған болатын.
Ол жазған әндер – бір дәуірдің үні, халықтың жүрегіндегі мәңгілік әуен. «Менің Қазақстаным», «Арыс жағасында», «Ақ бантик» секілді туындылары – ұлт руханиятының асыл қазынасы.
Шәмшінің музыкасы – сағыныш пен қуаныштың, жастық пен махаббаттың әуені. Оның әрбір нотасында қазақ даласының иісі, жан толғанысы бар.