Әзербайжан президенті қазан айында Қазақстанға келуі мүмкін

Бүгін, 09:08 / Інжу Әлихан

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. 

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді

“Мемлекет басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр. 

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды”, - деп жазды Р. Желдібай.