Мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа оқу жылының күнтізбесі мен аттестация кестесі бекітілді

Бүгін, 08:00 / Нұрлан Әлинұр
turkystan.kz

Елде 2025–2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдері, оқушы демалыстары және қорытынды аттестация күндері нақтыланды. Құжат 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Негізгі мерзімдер

Оқу жылы: 2025 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 25 мамыр.

1–11(12) сыныптарға арналған тоқсандар мен каникулдар:

1-тоқсан — 8 апта. Күзгі каникул: 27 қазан – 2 қараша 2025.

2-тоқсан — 8 апта. Қысқы каникул: 29 желтоқсан 2025 – 7 қаңтар 2026.

3-тоқсан — 10 апта. Көктемгі каникул: 19 – 29 наурыз 2026.

1-сыныпқа қосымша демалыс: 9 – 15 ақпан 2026.

4-тоқсан — 8 апта.

Қорытынды аттестация

9(10) сыныптар: 29 мамыр – 11 маусым 2026.

Математика (алгебра): 29 мамыр

Таңдау пәні: 3 маусым

Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс): 8 маусым

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне сай): 11 маусым

11(12) сыныптар: 2 – 15 маусым 2026.

Қазақстан тарихы (ауызша): 2 маусым

Алгебра және анализ бастамалары: 5 маусым

Қазақ/орыс/ана тілі: 9 маусым

Таңдау пәні: 12 маусым

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті: 15 маусым

Тэгтер:

оқушылар оқу жылы Мұғалімдер