Әнші Бүркіт әйелін Джей Ломен салыстырды

Бүгін, 07:21 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Әнші Бүркіт (Айбек Сейітов) Instagram парақшасында жариялаған видеосымен желі қолданушыларының назарын аударды. Онда ол әйелі Аишаны әлемдік деңгейдегі жұлдыз Дженнифер Лопеспен салыстырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сәлеметсіздер ме. Көп адам менен Дженнифер Лопестің концертіне бардың ба деп сұрайды. Маған ол не үшін керек? Өз ханшайымым қасымда тұрғанда», – дейді өнер иесі.

Бүркіттің сөзінен кейін бейнероликте оның жары Аиша көрінеді. Видео астында әнші: «Өз ханшайымыңызды бағалап, қамқорлық жасаңыз» деп жазған.