"Шаш күтіміне 1 айда 1 млн теңге жұмсаймын": Гүлзира Айдарбекова сусабын шығару себебін айтты

Бүгін, 01:28 / Дана Ізтілеуова
Жеке парақшасынан

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ерекше сусабын шығармақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұл қадамға өз шашының күтіміне жасаған тәжірибесі себеп болғанын айтады.

"Қарап тұрсам, осы шашымның ухоженная сақталуы үшін біраз ақша, уақыт, нерв кетті. Неше түрлі БРЕНДТЕР қолданып тастадым. Бірақ шашымның осындай ухоженная болып тұруы үшін ешқайсы көмектеспеді.

Шаштың күтіміне айына 500-1 млн теңгелеп жұмсайтын едім. Сенесіздер ме?", – дейді продюсер.

Осылайша, ол Қазақстанда теңдесі жоқ сусабын әзірлемек.

"Жәй шампунь емес емдік шампунь. Әйел болғасын, табиғатымыз әдемі болып жүруді қалайды. Тапқаныңды жүгіріп ойланбай сұлулығыңа саласың. Сонша салған ақшаң ақталмайды да", – дейді ол.

Продюсердің айтуынша, сусабын бағасы анау айтқандай қымбат емес.

"Бірақ осы осынша кеткен нервтің, уақыт пен ақшаның бәрін экономдап менен шампунь және бальзамды бар болғаны 13,500 теңгеге ала аласыздар. Қатты қымбат емес. Барлығыңызға доступный баға қойдым", – дейді продюсер 

Тэгтер:

Гүлзира Айдарбекова сусабын Шаш күтімі