Үлкен Алматы шатқалындағы «Ай алаңы» ауданында 9 жастағы бала үлкен ілулі тұратын әткеншектен құлап, қолын жарақаттап алған. Соның салдарынан ол өздігінен жүре алмаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Оқиға орнына жедел түрде «ҮАШ» БҚП құтқарушылары шықты. Олар зардап шеккен балаға жеткен соң, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, сүйектің сынғанын анықтады. Құтқарушылар баланы абайлап төменге түсірді. Зардап шеккен бала әрі қарай тексеру мен ем алу үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.