Ақтөбеде жол ережесін 250 рет бұзған шетелдік такси жүргізушісі ұсталды

Бүгін, 17:35 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтөбе облысының Қарғалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері соңғы 11 айда жол қозғалысы ережесін 250-ден көп бұзған шетелдік таксисті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, ол Ақтөбе қаласында бір күннің ішінде 12 рет жылдамдықты асырған.

«Бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірді. Шетелдік таксист Ақтөбе – Орск бағыты бойынша жолаушыларды үнемі тасымалдап жүрген. Оның көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полиция ескертеді: әрбір құқықбұзушылық анықталады, ал кінәлілер жауапкершілікке тартылады», – делінген хабарламада.

 

Тэгтер:

Ақтөбе жол ережесі Такси