Ұлттық банк «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» коллекциялық монеталарын шығарады

Бүгін, 17:15 / Алуа Арман
Ұлттық банк

Ұлттық Банк Конституцияның 30 жылдық құрметіне «ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ» коллекциялық монеталарын шығарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Онда ел Конституциясын айқындап тұрған ашық кітап, Қазақстан картасы фонында «30» саны, монета ортасында шаңырақ бейнеленген.

Монетаның ерекшелігі - «30» санын безендіруде алтын жалату технологиясының қолданылуында.

Монетаның түрлері

925 сынамалы күміс, салмағы 31,1 г, номиналы 1 000 ₸, таралымы 1000 дана.

Биколор (нибрасс/нейзильбер), салмағы 6,45 г, номиналы 100 ₸, таралымы 5 000 000 дана.

Қайдан сатып алуға болады?

Күміс монеталарды ҚҰБ интернет-дүкенінде (сату күні сайтта жарияланады).

Биколорлы монеталар еркін айналымда болады.

Тэгтер:

айналым Ұлттық банк монета