Талғарда 2 зейнеткерді өлтірген күдіктіні жергілікті тұрғын ұстап алды (ВИДЕО)

Бүгін, 16:45 / Інжу Әлихан
скриншот

14 тамызда Алматы облысында жергілікті тұрғын екі қарияны өлтіріп, мүлкін ұрлаған күдікті Иван Заниловты ұстап, видеоға түсірген. Ол күдіктіні полиция бөлімшесіне өткізетінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жарайды, мен оны ұстадым. Енді оны не істеймін — көміп, сосын өзім түрмеге қамалайын ба, не істейін? Адамдар бағасын берсін. Егер мен оны қазір жіберсем, ол тағы бірнеше зейнеткерді, біреудің ата-әжесін өлтіреді», – деді ер адам.

Тергеу деректері бойынша, Занилов Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов елді мекенінде қарт ерлі-зайыптыны тонап, кейін қарт адамдарды өлтіріп, үйлерін өртеп жіберген. Осы себепті оны құқық қорғау органдары іздеуге жариялады.

79 жастағы Вячеслав Владимирович Синицын көптеген пышақ жарақаттарын алды, 76 жастағы Надежда Дмитриевна Синицынаның мәйіті көгерген және мойнында арқан бар.

Тэгтер:

күдікті Талғар зейнеткер