Орал қаласының Зачаганск ауданында, Бірлік көшесі №17 үйдің жанында, жүргіншілер қоқыс контейнерінен өлі туған сәбидің денесін тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға орнынан түсірілген хабарламалар мен фотосуреттер әлеуметтік желілерде тарап кетті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді.
«Орал қаласында нәресте денесінің табылуына байланысты полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр және оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жүргізілуде», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.