Жетісу облысында кәсіпорын 48 жұмысшының жалақысын төлемеген

Бүгін, 15:29 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысы Ескелді ауданының прокурорлары азаматтардың еңбекақы алуға қатысты конституциялық құқықтарын қорғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ескелді Су Құбыры» кәсіпорнының 48 жұмысшыларына 5,6 млн теңге көлемінде жалақы берешегі бар екені анықталды.

Прокурордың араласуынан кейін берешек толық өтеліп, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органы жұмыс берушілерге азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау және жалақыны уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді.

Тэгтер:

жалақы Жетісу облысы жұмысшы кәсіпорын еңбекақы