Назым Қызайбай шлемі мен қолғабын аукционға шығарды

14 тамыз, 2025 / Інжу Әлихан
Бокс федерациясы

Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай шлемі мен қолғабын сатуға шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Спортшы үшінші мәрте әлем чемпионы атанған кезде киген заттарын аукцион арқылы сатып, түскен қаржыны көпбалалы аналарға көмекке жібермек.

 «Үш дүркін әлем чемпионы атанған сәтімдегі шлем мен қолғапты шығарып отырмын. Түпнұсқа. Қолтаңба. Аукцион басталды. Чемпиондық тарихымның бір бөлігіне кім жоғары баға береді?» – деп жазды Назым Қызайбай.

Тэгтер:

боксшы Назым Қызайбай қолғап шлем