Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгін, 10:28 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды жыл сайын скринингтік тексеруден өтуге шақырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 80-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан азаматтары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден және скринингтік зерттеулерден өтуге міндетті. Биылдан бастап МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, онкоскринингтер барлығына қолжетімді.

Скрининг жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі, жатыр мойны және ішек обырын, В және С вирустық гепатиттерін, цереброваскулярлық бұзылуларды және басқа да қауіпті патологияларды ерте анықтауға бағытталған. Жас санаты мен тексеру жиілігін дәрігер медициналық стандарттарға сәйкес белгілейді.

Тексеруден өту үшін емханаға жеке куәлікпен бару жеткілікті. Сондай-ақ тіркелу, call-орталық немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы жазылуға болады. Көп жағдайда учаскелік дәрігерлер немесе мейіргерлер жас және өзге де өлшемшарттар бойынша тізім жасап, тұрғындарды өздері шақырады.

Скринингтен өтуге болатын негізгі санаттар:

Цереброваскулярлық бұзылулар: 50-76 жастағы ер адамдар.

Министрлік азаматтарға тексеруден ешқандай шағым немесе белгі болмаған жағдайда да өтуге кеңес береді. Бұл денсаулыққа сенімді болудың және ауруларды ерте анықтаудың тиімді жолы саналады.

 

Тэгтер:

Тексеріс Денсаулық сақтау министрлігі скрининг