АҚШ зымырандары Сирия авиациясының 20 пайызын күл-талқан қылды
АҚШ зымырандары Сирия авиациясының 20 пайызын күл-талқан қылды
Америкалықтардың өткен аптада жасаған шабуылы Сирия авиациясының 20 пайызын қиратқан немесе оған нұқсан келтірген. Бұл туралы Пентагон өкілдері хабарлап отыр, деп жазады 24.kz.
7 сәуірде АҚШ қарулы күштері Сириядағы Шайрат әскери базасын қанатты зымырандармен атқылаған болатын. Бұл Идлиб провинциясындағы химиялық шабуылға жауап ретінде жасалған. Себебі америкалықтар «Сирияның үкімет жасағы тыйым салынған қаруды дәл осы база арқылы қолданған», - деседі. Бірақ ресми Дамаск мұның бәрін жоққа шығарды.
Ал Ақ Үй өкілдері химиялық қару тағы қолданылатын болса, зымыранмен атқылау әлі де қайталануы мүмкін деп ескертіп отыр.