Астанада Тәжікстан аспаздары 10 қазан палау дайындайды

14 тамыз, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада 16-17 тамызда Тәжікстанның Соғды облысының ауыл шаруашылығы өнімдері мен халық қолөнерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлады әкімдіктегілер.

Тәжікстан кәсіпкерлері 1000 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін әкеледі. Оның ішіеде жеміс-жидек, кептірілген жемістер, түрлі бақша дақылдары да бар.

Жәрмеңкеде ұлттық тағамдар да ұсынылады:
Палау сатуға арналған 10 қазан (күніне кемінде 1 тонна палау),

Шелпек пен самсаны сатуға арналған 6 тандыр (күн сайын кемінде 5000 дана пісіру).
Іс-шараның мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, сондай-ақ халықаралық қатынастарды дамыту.

Іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарына сапалы өнімдер мен шебер бұйымдарды сатып алуға ғана емес, сонымен қатар шығыс базарының ерекше дәмін сезінуге және шығыс тағамдарының дәмін татуға мүмкіндік береді.

Жәрмеңке "Барыс-Арена" маңында ашылады және 16 тамыз сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін және 17 тамызда сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін болады.