Риддерде жедел жәрдем көлігі жол апатына себепкер болды

13 тамыз, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Жүргізуші маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы жолаққа шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға бүгін, 13 тамызда, Чапаев және Бухмейр көшелерінің қиылысында болған. Дәрігерлер ГАЗ А31R23 автокөлігімен келе жатқан, жол апатына сондай-ақ Lexus маркалы көлік те қатысқан.

«ГАЗ жүргізушісі маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бағыттағы жолаққа шығып, солға бұрылуын аяқтап келе жатқан Lexus көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Lexus инерциямен жол белгісіне соғылған», – деді құқық қорғау органы.

Жедел жәрдем жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Тэгтер:

Жол апаты Риддер Жедел жәрдем